Камила Саян
Бортсерік, блогер, іскер ханым. 1992 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетін 2013 жылы “екі шет тілі: ағылшын тілі және түрік тілі” мамандығымен бітірген. 2014 жылдан бастап ұлттық әуекомпанияда бортсерік қызметінде жұмыс істеп келеді. “Қалаулым” жобасында өмірлік жарын тауып , тікелей эфирде нәтижеге жетіп, той жасаған жұптардың бірі. Қазіргі таңда, Алан есімді ұлы бар. Үлкен отбасы келіні, жануарларды, әсіресе мысықтарды жақсы көреді.